БҚО тұрғыны балаларына төлеуі алимент ақшасын құмар ойынға салып, ұтылып қалған
БҚО-да биыл 21 адам алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапқа тартылды
БҚО тұрғыны балаларына төлеуі алимент ақшасын құмар ойынға салып, ұтылып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы алимент бойынша берешегі бар тұлғалармен жүйелі түрде күресіп келеді. Тексеру барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 6 борышкердің букмекерлік платформаларда бәс тіккені анықталды.
«Алимент бойынша 2,6 млн теңге берешегі бар борышкер 2 жыл ішінде шамамен 5 млн теңгеге бәс тігіп, 3 млн теңге көлемінде ұтыс алған. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде биыл 21 адам қылмыстық, 116 адам әкімшілік жауапқа тартылды.