Тоқаев Алатау қаласын дамыту бойынша кеңес өткізеді

Автор: Асыл Арман

Президент Алматы облысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралайды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізеді, сондай-ақ өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралайды», – делінген Ақорданың хабарламасында.