Оның есірткі зертханасын ашып алғаны белгілі болды
Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, мамыр айында Алматы облысында Қазақстан азаматы есірткі дайындап жатқан жерінде қолға түскен.
«Тінту барысында 3 кг психотроптық «а-PVP» заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.