Жаздың алғашқы күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Алмас Ерсін

1 маусымда елдің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Фото: istockphoto.com

1 маусымда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 38–40 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, орталық және батыс өңірлерде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күн ала бұлтты болады. Түнде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз екпінді жел соғады. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.

Атырауда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.

Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.

Көкшетауда түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде +18…+20°C, күндіз +36…+38°C.

Қостанайда жауын-шашын болмайды. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.

Қызылордада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.

Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Петропавлда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.

Семейде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде +13…+15°C, күндіз +33…+35°C.

Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18°C, күндіз +35…+37°C.

Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Түркістанда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +38…+40°C.

Оралда күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C.

Өскеменде жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C.