«AMANAT» партиясының кезекті Съезі шақырылды

Автор: Алмас Ерсін

Съезге елдің барлық өңірінен делегаттар қатысады

Фото: «AMANAT» партиясы баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының кезекті XXVI Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Іс-шара 2026 жылы 12 маусымда Астана қаласында өтеді.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

Партияның Орталық аппараты мен филиалдары Съезд қарсаңында дайындық жұмысын қолға алуда.