Астанада бірінші сыныпқа құжат тапсыру 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында өтеді
Астанадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейіне бір үйдің үшем баласы құжат тапсырып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Күнтуған Бақыт, Айтуған Бақыт және Нұртуған Бақыт жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданып, қазақ тілінде білім алмақ. Бір үйдің үш перзентінің мектеп табалдырығын қатар аттауы – отбасы үшін де, білім ордасы үшін де ерекше қуанышты сәт.
«Құлыншақтарымыздың қадамдары құтты болып, білім жолында биік белестерді бағындырсын. Елін сүйетін, тәрбиелі әрі білімді азамат болып өссе екен дейміз», – дейді ата-аналары.
Айта кетейік, Астана қаласы бойынша бірінші сыныпқа құжат 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады.