Ақмола облысында 14 жастағы бозбала көкпар ойынында аттан құлап, көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Кәмелетке толмаған баланың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: gov.kz

Ақмола облысының Целиноград ауданында 14 жастағы бозбала көкпар ойынында аттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 26 мамыр күні көкпар ойынынан жаттығу кезінде болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2012 жылы туған бала аттан құлап, көз жұмған.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу іс-шаралары аясында жаттығуды ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – делінген облыстық ПД хабарламасында.