10 шаршы метр аумақты шарпыған жалын толықтай сөндірілді
Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде ас үйдегі тамақтың кесірінен өрт шықты. Табадағы майдың тұтануы пәтердің өртенуіне себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай Астана қаласының Қалдаяқов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. 22 қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері шұғыл жеткен. Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында 10 шаршы метр аумақты шарпыған жалын өте қысқа мерзімде толықтай жойылды. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін көпқабатты үйдің тұрғындары далаға шығып үлгерген.
«Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – табада қалған майдың тұтануы», – деп хабарлады ТЖМ өкілдері.