ҚР Ұлттық банкінің 26 мамырға арналған ресми доллар бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,84 теңгеге көтеріліп, 477,48 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық банкінің 26 мамырға арналған ресми доллар бағамы – 472,48 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 475,89 теңге, сату – 478,91 теңге.
Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 471,99 теңгеден сатып алынып, 479,01 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкенттің ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағасы 478,13 теңгені құраса, сату бағасы 480,59 теңгеге тең болып тұр.