Ол Павлодардағы мектепте оқыған
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысынан кейін тікелей эфирдегі брифингке қатыса отырып, ҰБТ-дан 140 балл алған түлектің есімін атап, сүйінші сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бір сағат бұрын Павлодарда 7-ші жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Әсет Әлтаир 140 балл алды. Биыл бірінші болып осы түлек ең жоғары балл алды. Сүйінші деп айтуға болады», - деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін 239 мыңнан астам адам тіркелді, оның ішінде колледж түлектері мен өткен жылдары мектеп бітірген жастар да бар. Осы 239 мың баланың ішінде шамамен 200 мың түлек биыл мектеп бітірген.