Доллардың құны 470 теңгеден асты: 25 мамырға арналған ресми бағам жарияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстанда доллар қымбаттады, KASE-дегі орташа бағам өсті

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 472,48 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 25 мамырға арналған ресми бағамы – 470,8 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы Алматыда – 471,44 теңге, сату бағасы – 473,42 теңге.

Астанада доллар орта есеппен 467,99 теңгеден сатып алынып, 474,99 теңгеден сатылуда. Шымкентте сатып алу бағасы – 472,02 теңге, сату бағасы – 474,02 теңге.