Елдің бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, жаңбыр мен жел күшейеді
24 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерінің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Шығыс аймақтарда кей жерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.
Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +25…+27°C.
Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.
Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +21…+23°C.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.
Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +27…+29°C.
Павлодар – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +15…+17°C.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Семей – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C.
Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.
Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.
Өскемен – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта қатты нөсер мен найзағай болады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.