Қазақстанда доллар бағамы 470 теңгеден асып кетті

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банкінің 22 мамырға арналған ресми доллар бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,46 теңгеге төмендеп, 470,8 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық банкінің 22 мамырға арналған ресми доллар бағамы – 471,45 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 471,22 теңгеге, сату – 473,46 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 467 теңгеден сатып алынып, 474 теңгеден сатылуда. Шымкенттің ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағасы 471,67 теңгені құраса, сату бағасы 473,69 теңгеге тең болып тұр.