Түзетулер салық жүктемесін де, салық салу тетіктерін де өзгертпейді
Мәжіліс жаңа Конституцияны іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» депутаттық заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түзетулер бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуымен, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуымен, сондай-ақ азаматтардың Конституциялық сотқа жүгінуі кезіндегі мемлекеттік бажды алып тастаумен байланысты.
Ұсынылып отырған түзетулер құқықтық-техникалық сипатқа ие және заңнаманы жаңа институционалдық жүйеге сәйкестендіруге бағытталған. Олар салық жүктемесін де, салық салу тетіктерін де өзгертпейді.