Астанаға Кения президенті келді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазақстан мен Кения президенттері бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды

Фото: Ақорда

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.