Мамандар Түпқараған ауданындағы итбалықтардың жаппай қырылған жерін тексерді
Маңғыстау облысының экологтары итбалықтар қырылған жерден алынған су сынамасының қорытындысын жариялады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің Түпқараған ауданындағы итбалықтардың жаппай қырылған жерін тексерді.
Департаменттің зертханалық-талдау бақылау бөлімінің мамандары 13 мамырда оқиға орнына барып, теңіз суының сынамаларын алды.
«Талдау нәтижелері бойынша су құрамынан ластаушы заттар анықталған жоқ», – деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, осыған дейін Каспий жағасынан ондаған итбалықтың өлексесі табылғаны хабарланған.