Қазірдің өзінде жаңа 4 рейс ашылған
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында отандық және шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 4 жаңа рейс ашылды (Алматы–Шанхай, Астана–Ереван, Атырау–Ташкент, және Ақтау–Ереван). Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық бағытты ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр», - деді Сауранбаев.
Министрдің айтуынша, қазір әлемдік авиациядағы басты мәселелердің бірі - ұшақ жетіспейді.
«Жаңа самолётті ұзақ күтеміз: мысалы, бүгін тапсырыс берсе, оны тек 8–10 жылдан кейін алады. Өткен жылы өздеріңіз көргендей Америкада Boeing компаниясымен отандық компаниялар 15 млрд АҚШ долларына келісімге отырды. 2026 жылы 3 самолет сатып алынды, онын ішінде өзіңіз білетіндей осыдан бір ай бұрын «Scat» авиакомпаниясына бір күнде 2 жаңа заманауи Boeing келген болатын. Осы жылдың аяғына дейін қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 ұшақ қосылады», - деді ол.