Қарағанды облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден құлап кеткен
Қарағандының Майқұдық елді мекенінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 17-шағын ауданда болды. Ekaraganda.kz басылымының мәліметінше, 5 қабатты үйдің екінші қабатынан 2021 жылы және 2024 жылы туған бүлдіршіндер құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар үлкендердің назарынан тыс қалған. Түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Айта кетейік, Қарағанды облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден құлап кеткен.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен балалардың заңды өкілдеріне қауіпсіздік ережелерін еске салды: