Оның кадастрлық құны – 17,7 млн теңге
ШҚО-да прокуратура 2 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады.
Жалға алушылардың шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жерлерді бір жыл бойы өз мақсатында пайдаланбағаны анықталды.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 га, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында», – делінген прокуратураның хабарламасында.