Қазақстанда 150 адамның өлімі COVID-2019 статистикасына қосылуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бұл өлім-жітім факторларын арнайы комиссия қарап жатыр

Фото: ашық дерек көздерінен

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дәл бүгінгі күні Қазақстанда коронавирустан көз жұмды деп танылған марқұмдар саны 610 адамға жетті. Бұдан басқа, қайтыс болған уақытта организмінде коронавирус болған тағы 150 мәйітті комиссия тексеріп жатыр.

Айта кетейік, өлім факторларын зерттеу жөніндегі комиссия коронавирус инфекциясы расталғанымен, марқұм негізгі ауруынан көз жұмды ма деген мәселені анықтайды.

«Қазір комиссия 150 фактіні қарап жатыр. Олар қосымша ауруларынан қаза тапқандар статистикасына қосылған. Комиссия қарап біткен соң, қай статистикаға жататынын қараймыз»,- деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан