Бензин қымбаттайды: Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін бе

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл мәселе жобалық кеңсе аясында талқыланбайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттайды. Бұл шешім жанармай құнын көрші елдердегі бағамен теңестіру қажеттілігіне байланысты қабылданбақ. Мұндағы мақсат жанармайдың «көлеңкелі импорт» тәуекелдерін азайту болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Осыған байланысты журналистер ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтен көлік салығын жою мүмкіндігі туралы сұрады.

Вице-министр бұл мәселе қазіргі уақытта қаралып жатқан жобалық кеңсе аясында талқыланбайтынын айтты.

«Менің білуімше, бұл мәселе жобалық кеңсе аясында қарастырылып отырған жоқ», — деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өткен брифингте.