Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағында алдағы күндері ауа райын екі барикалық түзілім айқындайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ал 18 мамырда батыста қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
«16-17 мамыр түндерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Күндізгі ауа температурасы: