Оған «Қазпошта қызметкері» хабарласқан
Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Алдымен оған өзін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, деректерді растау сылтауымен SMS-кодты айтуға көндірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арада біраз уақыт өткен соң екінші қоңырау түсіп, тағы бір белгісіз адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол бұған дейін хабарласқандардың алаяқ екенін айтып, есепшоттағы ақшаны «қауіпсіз сақтау» үшін қаражатты басқа есепшотқа аудару қажет екеніне сендірген.
«Азамат банкомат арқылы ақшасын шығарып алып, көрсетілген есепшотқа 1,7 млн теңге аударған. Кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Полицейлер жедел әрекет етіп, ақша аударылған есепшоттарды анықтап, транзакцияларды уақытылы бұғаттады. Нәтижесінде қаражат толықтай жәбірленушіге қайтарылды», – делінген полиция хабарламасында.
Полиция ескертеді:
жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеңіздер.