Астанада бүлдіршін жолға жүгіріп шығып, көлік астына түсті

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Астанада бүлдіршін жолға жүгіріп шығып, көлік астына түсті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 11 мамыр күні шамамен сағат 16:30-да Қорғалжын мен Мұхамедханов көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бір топ бала бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, жүріп жатқан көліктердің алдынан жолды жүгіріп өтпек болған.

Сол сәтте жүргізушілердің бірі дер кезінде тоқтай алмай, балалардың бірін қағып кеткен. Зардап шеккен баланың қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.

Агенттік тілшісі оқиға бойынша қалалық Полиция департаментіне сауал жолдады.