Шетел валюталарының құны белгілі болды
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 463,91 теңгені құрап, 2,33 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы да қымбаттап, 6,28 теңгеге (+0,07) жетті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,41 теңге болып, 0,50 теңгеге көтерілді.
Еліміздегі айырбастау пунктерінде доллар 464,2-466,4 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр. Еуро бағамы – 542,7-547,8 теңге, ал рубль – 6,08-6,20 теңге аралығында саудаланls.