Барлығы 63 дана қару-жарақ табылды
ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен биыл сәуірде Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Барлығы 63 дана, оның ішінде 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі тәркіленді.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді.
«Аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.