Марқұмның 27 жаста болғаны анықталды
Оралда көпқабатты тұрғын үйден ер адам құлап, көз жұмды. Оқиға Құрылысшы шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінде болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, ер 13-қабаттан құлап кеткен. Марқұм 27 жаста болған. Ол алған жарақатының кесірінен оқиға орнында көз жұмған.
«Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр», – деп Полиция департаменті мәлім етті.