Ақтауда ер адам кәуап сүйегіне қақалып, көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған

Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында 10 мамыр күні табиғат аясындағы корпоративтік демалыс кезінде 56 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі  Mangystautv.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтаудағы мектептердің бірінің ұжымы Жармыш ауылы маңындағы Аралбай сарқырамасына серуенге шыққан.

Дастарқан басында ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып, оқиға орнында көз жұмған. Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қаза тапқанын растады.