Жолаушылар вагондардың жанында суретке түсіп, тарихи тұлғалар туралы ақпаратпен танысуда
Жеңіс күніне орай Астанадан еліміздің бірнеше қаласына қазақстандық майдангерлердің портреттерімен безендірілген пойыздар жолға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған науқан аясында вагондарға аңызға айналған қазақ батырларының суреттері қойылды. Олардың қатарында Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов сынды майдангерлер бар.
Жолаушылар вагондардың жанында суретке түсіп, тарихи тұлғалар туралы ақпаратпен танысып, әлеуметтік желілерде бөлісуде.
Мерекелік безендірілген вагондар Тальго №9/10 «Астана – Алматы», №85/86 «Астана – Шымкент» бағыттарындағы пойыздарға, сондай-ақ «Астана – Павлодар», «Астана – Атбасар» және «Астана – Көкшетау» электр пойыздарына қосылған.
«Мұндай тақырыптық безендірулер жолаушыларға ардагерлеріміздің ерлігін еске салуға және батырлардың есімін жадымызда сақтауға көмектеседі», — деп атап өтті тасымалдаушы компания өкілдері.