Әкімдерді сайлаудың жаңа тәртіптері бекітілмек
Парламент «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заң жобасын қарау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына Мәжілістен депутаттар Марат Башимов, Мұрат Ергешбаев, Снежанна Имашева және Үнзила Шапақ енді.
Сенат тарапынан Сүйіндік Алдашев, Нұрлан Бекназаров, Мұрат Қадырбек және Советбек Медебаев комиссия құрамына кірді.
Комиссия төрағасы болып Нұрлан Бекназаров сайланды.