Өскеменде көпқабатты үйдің шатырынан ер адам құлап кетті

Автор: Асыл Арман

Оқиға 6 мамыр күні күндіз болды

Фото: istockphoto.com

Өскемендегі Республика алаңы маңында көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан ер адам құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 6 мамыр күні күндіз болған.

Аталған фактіні Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.