Жүктің жалпы салмағы - 33 тонна
Үндістаннан Алматы қаласына дәрі-дәрмек препараттарының жаңа партиясы ұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Алматы әуежайына келіп түскен жүкті қала әкімдігінің тұрақтылық қорын құруға бөлген қаржысына «Іңкәр» компаниясы сатып алған. Жалпы салмағы – 33 тонна», - деп жазылған хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, қажет дәрілерді қамтамасыз ететін дәріханалар желісі 105-тен 330-ға дейін көбейді. Бұдан өзге, керек дәрі-дәрмектер коронавирустан емдейтін госпитальдарға да таратылуда. Ай соңына дейін дәрі-дәрмек тиеген тағы үш ұшақ келеді.