Еліміздің сегіз өңірінде жаңбыр жауады деп болжанып отыр
Циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 6 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +21…+23°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +15…+17°C.
Атырауда бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Түнде жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +28…+30°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +28…+30°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +28…+30°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.
Оралда бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +28…+30°C.