ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері жарияланды
Қазақстанда ақпан мен сәуір айлары аралығында 300-ден аса жемқорлық тіркеліп, 4,2 млрд теңге ұрланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
«Қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті деп танылды. 198 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 175-і сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 4,2 млрд теңгені құрады», – делінген хабарламада.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.