Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды
Өскемен қаласындағы «Казцинк» аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысынан шыққан газ-ауа қоспасы салдарынан жарылыс болып, кейін ішінара опырылды. Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеуде, зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізілуде. Оперативтік штаб құрылды.
«ТЖМ күштерімен «Казцинк» ЖШС аумағындағы өрт көп ұзамай оқшауланды. Құтқарушылар толық сөндіруге дейін конструкцияларды бөлшектеу және өрт ошақтарына су шашу жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада
Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр.
ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.