Елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары күйінде сақталады
Циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Елдің қалған бөлігінде антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Астанада құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтөбеде бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +17…+19°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +17…+19°C.
Атырауда бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+27°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.
Қостанайда бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +17…+19°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +16…+18°C.
Семейде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +23…+25°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +23…+25°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.
Өскеменде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +22…+24°C.