Бүлдіршін алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды
Астанада кроссовер көпқабатты үйлердің бірінде аулада ойнап жүрген бүлдіршінді қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өкінішке қарай, бүлдіршін алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қайғылы жағдайды қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады.
«Иманов көшесінің бойындағы аула ішінде «Kia» автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде болған жас баланы қағып кетті. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Желідегі мәліметтерге сүйенсек, бүлдіршіннің жасы – 1 жас 8 ай.