Қанды оқиға 3 мамыр күні болған
Ақтөбе облысына қарасты Хромтау қаласында көшенің қақ ортасында ер адамды пышақтап өлтіріп кетті. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қанды оқиға 3 мамыр күні болған. Облыстық Полиция департаменті адам өліміне қатысты агенттік тілшісіне жағдайды жан-жақты түсіндірді.
«Ақтөбе облысының Хромтау қаласында көпқабатты үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтіруге күдікті ретінде оның танысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ішімдік ішу барысында туындаған жанжал соңы пышақ жарақатымен аяқталған. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД мәлімдемесінде.