Соғыс ары қарай жалғаса ма: Трамп Иранның бейбіт ұсынысын қабылдаудан бас тартты

Автор: Аягөз Құрмаш

Иран делдалдар арқылы жолдаған 14 тармақтан тұратын жоспар жолдаған

Фото: © REUTERS / Kevin Lamarque

АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Kan телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Тегеранның қақтығысты реттеуге бағытталған жаңа бастамасы Вашингтон үшін қолайсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақ үй басшысы Иран делдалдар арқылы жолдаған 14 тармақтан тұратын жоспармен танысқанын, бірақ оның мазмұны көңілінен шықпағанын айтты. Трамп сондай-ақ Иранға қарсы жүргізіліп жатқан қазіргі әскери науқан «өте сәтті өтіп жатқанын» атап өтті.

Бұдан бөлек, АҚШ лидері Израиль президенті Ицхак Герцогқа тағы да үндеу жасап, Биньямин Нетаньяхуға рақымшылық жасауды сұрады.

Оның айтуынша, Нетаньяху «соғыс уақытындағы премьер-министр» болғандықтан, барлық күш-жігерін әскери іс-қимылдарға жұмсауы тиіс, ал сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот процестері оған кедергі келтірмеуі керек.