Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылды

Автор: Алмас Ерсін

Жазғы кестеде рейстер аптасына үш рет орындалады

Фото: istockphoto.com

«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрақты рейстер 3 маусымнан басталады. Ұшулар «эконом» және «бизнес» кластарынан тұратын Airbus A319 ұшақтарымен жүзеге асырылады.

Жазғы маусымда рейстер аптасына үш рет жоспарланған: Астанадан – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.

Бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болып, Астана мен Санкт-Петербург арасындағы туристік және іскерлік қатынастың артуына ықпал етеді деп күтілуде.