Алматы маңындағы картон зауытынан өрт шықты

Автор: Дәулет Ботагөз

Жедел штаб құрылып, жұмыс жоғарылатылған дәреже бойынша жүргізілген

Фото: ТЖМ

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан картон зауытының қоймасынан шыққан өрт толықтай ауыздықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тілсіз жау 2800 шаршы метр аумақты шарпыған. Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткенде, ғимарат ашық отқа оранып, өрт өршіп тұрған.

Жедел штаб құрылып, жұмыс жоғарылатылған дәреже бойынша жүргізілген. Су үздіксіз жеткізіліп, бірнеше су оқпандары іске қосылған. Өртті сөндіруге қоймадағы сығымдалған картонның көптігі мен металл шатырдың құлауы айтарлықтай кедергі келтірген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.