Қазақ ұлты 14 млн-нан асты: Қазақстанда өмір сүретін ұлт өкілдерінің саны белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында өмір сүреді

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда өмір сүретін ұлт өкілдерінің санын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бюро мәліметінше, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны – 20 532 240 адам.

Жыл басында елдегі ең көп санды құраған ұлттар қайсы болды?

  • Қазақтар  – 14 664 202;
  • Орыстар  – 2 943 022;
  • Өзбектер  – 695 557;
  • Украиндар  – 367 547;
  • Ұйғырлар  – 309 164;
  • Немістер – 222 890;
  • Татарлар  – 218 361;
  • Әзірбайжандар  – 157 568;
  • Кәрістер – 120 821;
  • Түріктер  – 93 234;
  • Дүнгендер – 88 165;
  • Беларустар  – 73 788;
  • Тәжіктер – 61 307;
  • Күрдтер – 52 077;
  • Қырғыздар – 41 459.

«Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санының көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам», – делінген Бюро хабарламасында.