Тоқаев Ақордада Жапония Парламентінің өкілін орденмен марапаттады

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жапония Парламентінің өкілін орденмен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдағаны хабарланған.