Мас күйде рөлге отырған: Таразда әйел жүргізуші 7 жылға құқығынан айырылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

50 жастағы азаматша 15 тәулікке қамалып, көлігі айыптұраққа қойылды

Фото: Әсет Құндақбаев

Тараз қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық патрульдік полиция батальоны жүргізген профилактикалық іс-шара барысында Toyota Prado автокөлігі тоқтатылған. Полицияның мәліметінше, көлік тізгіндеген 50 жастағы әйелдің алкогольдік ішімдік ішкені анықталған.

Арнайы медициналық сараптама оның мас күйінде болғанын растаған. Осы дерек негізінде іс сотқа жолданып, шешіммен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Сондай-ақ ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Көлік арнайы айыптұраққа қойылған.