Қостанай облысында зейнеткер әйел өзін асырамаған қызын сотқа беріп, алимент өндіріп алды
Сот еңбекке жарамсыз ата-ананы асырауға алимент өндіріп алды
Қостанай облысының Лисаков қаласында зейнеткер әйелін қызын сотқа беріп, алимент өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зейнеткер сотқа қызына қарсы талап қойып, өзінің ІІ топтағы мүгедек екенін көрсетіп, ай сайын 40 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған. Ол емделуге, азық-түлікке және коммуналдық қызметтерге шығындарды жабу үшін материалдық көмек қажет екенін, ал мүгедектік жәрдемақысы жеткіліксіз екенін айтқан.
«Жауапкер талапты мойындамай, анасы ата-аналық міндеттерін орындамағанын және спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланғанын, сол себепті өзі туыстарының қолында тәрбиеленгенін көрсеткен. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 145-бабына сәйкес, еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті», – делінген хабарламада.
Сот зейнеткердің денсаулық жағдайын, медициналық құжаттармен расталған ауруларын, көмекке мұқтаж екенін, сондай-ақ жәрдемақысының аз мөлшерін ескере отырып, талапты ішінара қанағаттандырды. Алимент мөлшері жауапкердің табысы мен жасын ескере отырып, ай сайын 4 АЕК болып белгіленді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.