Астанада көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 10 адам құтқарылды

Автор: Асыл Арман

Ас үй бөлмесінде тұрмыстық техника, жиһаз және үй заттары жанған

Фото: ҚР ТЖМ

Астанада 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Есіл ауданындағы Бұқар жырау көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 7-қабаттағы пәтерде қою түтін байқалған.

Төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, жалынды толық жою бойынша барлық шара қабылдануда. Су беру үздіксіз қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар 10 адамды эвакуациялады.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, ас үй бөлмесінде тұрмыстық техника, жиһаз және үй заттары жанған.