Судья екеуіне де екі жыл мерзім берді
Астанада Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Судья Әділбек Баймаханов Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты шешімді оқыды.
Ерболат Жанабылов 2 жылға бас бостандығынан айырылды, жаза шартты түрде тағайындалып, мүлкі тәркіленеді.
Эльмира Төлегенова 2 жылға төмен қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге сотталды. Алайда оның кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.
Айыптау тарапы бұған дейін екі айыпталушыға 4 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді, бірақ сот отырысы барысында мәмілеге келу нәтижесінде жаза жеңілдетіліп, кейін прокурор оны 2 жылға дейін қысқартты.