Иран АҚШ-қа жаңа ұсыныс жолдады: Ормуз бұғазын ашу мәселесі қарастырылған

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы Axios порталы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады

Фото: istockphoto.com

Иран АҚШ-қа жаңа келісім ұсынысын жолдады. Онда Ормуз бұғазын ашу, АҚШ-тың кейбір шектеулерін алып тастау және кейіннен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді жалғастыру мәселесі қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Мәліметке сәйкес, Тегеран өз ұсынысын Пәкістандағы делдалдар арқылы Вашингтонға жеткізген. Құжат қазіргі келіссөздердегі тығырықтан шығуға бағытталған. Онда Ормуз бұғазы бойынша дағдарысты реттеу және АҚШ енгізген шектеулерді алып тастау басты назарға алынған.

Ұсыныс бойынша, тараптар алдымен ұзақ мерзімді атысты тоқтату режиміне немесе тұрақты бейбіт келісімге келуі тиіс. Ал ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздер кейінгі кезеңде ғана басталады.

Axios дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп 27 сәуірде өз кабинетімен кездесіп, Иранмен келіссөздердегі тығырық пен алдағы қадамдарды талқылауды жоспарлап отыр.

АҚШ тарапы бұған дейін Иранмен тікелей немесе жанама келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Тегтер: