Шектеу шаралары 20 шілдеден бастап күшіне енеді
Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Марат Исмаиловтың жаңа қаулысы бойынша облыста қатаң шектеу шараларының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«ШҚО аумағында бұрын бекітілген қатаң шектеу шаралары 20 шілде сағат 00.00-ден 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын. Шектеу шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», - делінген қаулыда.
Сонымен қатар ШҚО бас санитарлық дәрігері Аягөз, Алтай қаласында, Күршім, Катонқарағай, Жарма, Бесқарағай, Үржар ауданының орталығындағы қосымша қатаң шектеу шараларын 2020 жылдың 2 тамызы сағат 00.00-ге дейін сақтау туралы қаулы шығарды.