Өрт балконнан шыққан
Қостанайда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Мирошниченко көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы балконда қоқыс өртенді.
Оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 7 адамды эвакуациялады.
«Өрт шағын аумақта жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз», – делінген хабарламада.